Accessibility links

Комитет: Қазақ-өзбек шекарасында көліктер шоғыры азайды


Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев және Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Мураджан Азимов жағдайды талқылап отыр. Түркістан облысы, 18 тамыз 2018 жыл
Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев және Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Мураджан Азимов жағдайды талқылап отыр. Түркістан облысы, 18 тамыз 2018 жыл

Тамыздың 1-7 аралығында қазақ-өзбек шекарасындағы “Б.Қонысбаев” өткізу пунктінде Қазақстан жағында жүк көліктерінің шоғыры ұлғайып, 315-ке дейін жеткен. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік кіріс комитеті хабарлады.

Комитеттің айтуынша, бұған Қазақстан арқылы Өзбекстанға бағыт түзеген жақын және алыс елдерден келген жүк көліктер санының едәуір ұлғаюы себеп болған.

7 тамыз күні комитет Өзбекстанның кеден қызметіне хат жібергеннен кейін өзбек тарабы көліктерді жылдамырақ өткізе бастаған.

18 тамыз күні мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев жағдайды анықтау үшін Түркістан облысына барып, Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Мураджан Азимовпен кездескен.

Келіссөз барысында екі тарап “Б.Қонысбаев” өткізу пунктіндегі көліктердіғ шоғырын 60 данаға дейін азайтуға келіскен.

Жексенбі күні баспасөз баянын таратқан комитет жағдайды тұрақты бақылап отырғанын мәлімдеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG