Accessibility links

Қазақстан Азиададағы алғашқы медалін алды


Дмитрий Алексанин Азия ойындарына қатысып жатқан сәт. 19 тамыз 2018 жыл.
Дмитрий Алексанин Азия ойындарына қатысып жатқан сәт. 19 тамыз 2018 жыл.

Семсерлесуден қазақстандық Дмитрий Алексанин Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Дәл қазір спортшыда кем дегенде қола медаль бар. Алексанин жартылай финалда жеңіске жетсе, финалға шығады. Жеңілсе қола медаль алады.

Қылыштасу жарысының топтық кезеңде 1/16 финалда таиландық Коракоте Жиенгамуаичайды, 1/8 финалда қырғызстандық Роман Петровты, ширек финалда вьетнамдық Ден Нгуеинді жеңді. Жартылай финалда Алексанин оңтүстік кореялық Чон Джин Сонмен кездеседі.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Қазақстандық телеарналар жазғы Азиададан тікелей трансляция таратпайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG