Accessibility links

Балуан Қайсанов Азиада күмісін алды


Данияр Қайсанов күміс медаль алған сәт. Джакарта, 19 тамыз 2018 жыл.
Данияр Қайсанов күміс медаль алған сәт. Джакарта, 19 тамыз 2018 жыл.

Еркін күрестен қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін иеленді. 74 килограмда белдескен ол финалда өзбекстандық Бекзод Абдрохмоновтан жеңілді.

Қайсанов ширек финалда вьетнамдық Кан Таи Дудан, жартылай финалда оңтүстік кореялық Гонг Вунг Муннан басым түсті.

65 килограмда белдескен Саятбек Оқасов Азия ойындарының қоласын иеленді. Ол алғашқы белдесулерінде оңтүстік кореялық Ли Сун Чолды, Қытай қазағы Ерланбике Қатайды жеңген. Ал жартылай финалда жапониялық Даичи Такатаниден жеңілді. Қолаға таласта түркіменстандық Батыр Боржаковтан басым болды.

86 килограмда қазақстандық тағы бір балуан Әділет Давлумбаев та қола алды.

Қазақстан Азия ойындарының 19 тамыздағы жарыс күнінен кейін бір алтын, бір күміс, екі қоламен жалпы есепте бесінші орында тұр. Алтынды семсерлесуден Дмитрий Алексанин иеленген.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG