Accessibility links

Путин суреті үшін демократтар кеңесшісі жазаланды


Денвердегі Колорадо Капитолиінің сырт көрінісі.
Денвердегі Колорадо Капитолиінің сырт көрінісі.

Колорадо штатында демократтардың заң шығару бойынша кеңесшісі Кейт Марч Ресей президенті Владимир Путинның суретін Денвердегі Капитоли ғимаратында қоюға көмектескені үшін жазаланды. Портрет Дональд Трамптың суреті орнатылуы тиіс орынға қойылған. Бұл туралы Колорадо штаты өкілдер палатасының спикері Крисанту Дюран хабарлағанын жазады Associated Press.

Марч қызметтік құжатын пайдаланып ғимаратқа ProgressNow Colorado қозғалысының белсендісінің Путиннің суретімен өтіп кетуіне көмектескен. Демократ-сенатор Стив Фенберг бұл жайды фотоға түсіріп, Twitter парақшасына жариялап жіберген. Кейін Путиннің суреті алынып тасталған.

Акция ұйымдастырушылары Путин суреті арқылы Ресейдің Трампқа ықпалының қаупіне қоғамның назарын аудартқысы келген.

Дюранның сөзінше, өкілдер палатасы мұндай әрекетке рұқсат бермеген және Марч тәртіптік шарамен жазаланған. Оның Капитолиге еркін кіріп тұруына тыйым салынған. Марч әрекетін "бейкүнә қылыққа" балап, кешірім сұраған. Жергілікті сенат басшысы Кевин Грантхам мұны "орынсыз" деп атаған.

Бұл жағдай республикашылдардың Капитоли ғимаратында Трамп портретін орнату үшін он мың АҚШ долларын жинай алмаған соң шілденің соңында болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG