Accessibility links

Бреннан: Трампқа қарсы шағымға дайынмын


АҚШ-тың Орталық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джон Бреннан.
АҚШ-тың Орталық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джон Бреннан.

АҚШ Орталық барлау қызметінің бұрынғы директоры Джон Бреннан президент Дональд Трамптың бұрынғы және қызметтегі ресми өкілдерді құпия құжаттарды көру құқығынан айыра алмас үшін заңды шаралар қарастырып жатқанын мәлімдеді. Жексенбіде NBC телеарнасындағы "Баспасөзбен кездесу" бағдарламасында сұқбат берген Бреннан шағым түсіру жайлы бірнеше адвокат хабарласқанын айтқан. Бірнеше күн бұрын Трамп Бреннанның құпия құжаттарға рұқсатын кері қайтарған және өзін сынап жүрген Ресейге қатысты тексеруге байланысы бар бірнеше адамға қарсы осындай шара қолданатынын ескерткен.

Бреннан сұқбатта келешекте осындай қызмет бабын асыра пайдалануға қарсы қолынан келетін барлық әрекетке баратынын айтқан. "Бұл сот шағымын білдірсе, оны да істеймін," - деді Орталық барлау қызметінің бұрынғы басшысы.

"Америка дауысы" Барлаудың бұрынғы 75-тен астам қызметкері Трамптың Бреннанға байланысты шешімін айыптап, жазадан қорықпай өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар деп мәлімдегенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG