Accessibility links

Қырғызстан саясаткерлері түрмедегі аштық акциясын тоқтатпады


Саясаткерлер Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асанов.
Саясаткерлер Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асанов.

Қырғызстанда сотталған саясаткерлер Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров, 16 тамызда жариялаған аштық акциясын жалғастырып отыр.

Адвокат Данияр Мамановтың хабарлауынша, саясаткерлер екі жарым айдан бері сот үкімін ала алмай отырғандықтарына наразы. Олар тамақтан бас тартып, тек су ішіп отыр. Олар аштық акциясын тоқтату туралы адвокаттың өтінішіне келіспеген.

Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталып, 2016 жылы наурыз айында ұсталған. Олардың солты екі жылдан аса уақытқа созылды. Биыл 7 маусымда олар - сегіз жылға, ал олармен бірге ұсталған Эрнест Карыбеков он төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Дастан Сарыгуловқа төрт жылға шартты түрде жаза тағайындалды.

Саясаткерлер тағылған айыптармен келіспейді және билік өздерін саяси себеппен қудалап отыр деп таниды.

Асанов пен Кадыров бұған дейін де аштық акциясын ұйымдастырған. Биылғы жылдың ақпан айында олар, сол кездегі Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Абдил Сегізбаевтың қызметінен алынуын және өздеріне қатысты сот үкімінің жойылуын талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG