Accessibility links

Солтүстік Корея ICAO инспекциясына келісім берді


Солтүстік Кореядағы зымыран өндіруші орын. Көрнекі сурет

Пхеньян, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Солтүстік Корея территориясындағы нысандарды тексеруіне келісім берді. Ұйымның Монреалдағы (Канада) штаб-пәтерінің хабарлауынша, сарапшылар солтүстіккореялық зымыран полигондарының территориясы үстіндегі халықаралық әуе қатынастарының қауіпсіздігін анықтайды.

Құрамына 192 мемлекет кіретін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, Солтүстік Корея басшылығы 2019 жылы жүргізетін зымыран сынақтары жайлы ақпаратты тарату үшін қандай әрекет жасағанын анықтамақшы.

ICAO ұйымының өтініші бойынша 2017 жылдың мамыр айында Солтүстік Корея азаматтық авиация ұшақтарының қауіпсіз ұшып өтуіне мүмкіндік беретінін уәде еткен. Пхеньян радиусы үлкен зымырандардың сынағы жайлы алдын ала ескертетіндерін айтқан.

Жапондық «Киодо-Ньюс» агенттігінің хабарлауынша, өткен жылы Пхеньян, аймақ үстімен ұшқан ұшақтарға қауіп төндірген көптеген сынақ өткізген. Мәселен, былтыр шілде айында Жапон теңізіне баллистикалық зымыран құлаған соң бірнеше минуттан кейін, сол аймақтан Токиодан Парижге бет алған Air France әуекомпаниясының ұшағы ұшып өткен.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Air Astana ұшағына не болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Португалиядағы оқиға

Air Astana ұшағына не болды?

XS
SM
MD
LG