Әйелдердің етеккірі туралы наразылық шарасына қатысқан белсенді Жанар Секербаеваны судья Ақмарал Исабаева 5 АЕК (12 025 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. 20 тамыз күні судья үкімді прокурордың айыппұл салу туралы шағымынан соң оқыды. Үкім күшіне әлі енген жоқ және айыпталушы тарап 10 күн ішінде оған қарсы шағым түсіруіне құқылы.
Бұған дейінгі сотта Секербаева өзіне қатысты істі қарап жатқан Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ақмарал Исабаевадан бас тарту туралы шағым жазған. Оның себебін айыпталушының адвокаты Айман Омарова "судья айыпталушыны ренжітетін мағынадағы жеке өміріне қатысты сұрақ қойды" деп түсіндірген. Бүгін осы шағымды сот қанағаттандырмады.
Бұған қоса сот адвокаттың іске қатысты екі куәгерден жауап алу туралы талабын да құптамады. Сотқа қатысқан Алмалы аудандық ІІБ инспекторы, майор Дәурен Елубаев куәгерлердің бірі іссапарда жүргенін, екіншісімен байланысу мүмкін болмағанын айтты. Прокурор адвокат талабына қарсы шықты. Судья прокурор қарсылығын қолдады.
ЛГБТ қауымдастығы құқығын қорғаушы Жанар Секербаева 9 тамызда "Феминита" белсенділерімен бірге Алматының Арбатында фотосессияға қатысқан. Халықаралық құқық қорғаушылар Секербаеваға қатысты сот ісін "еркін пікір айту және бейбіт митинг өткізу құқығына қол сұғу" деп
атаған.
ПІКІРЛЕР