Accessibility links

Хромтауда асыл тұқымды 124 сиыр қырылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қопа ауылында асыл тұқымды 124 сиыр қырылып қалды. Қырылған мал жергілікті жеке шаруа қожалығына тиесілі болыпты. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев абердин-ангус тұқымынан тарайтын сиырлар ескі ақмия (сафора лисохвостный) шөбінен уланып қалғанын айтады.

- Жергілікті сиырлар бұл шөпті жемейді. Бұрынырақта шетелден әкелінген малдың төлі осы шөптен уланған. Ірі-қараның жаппай ауыру дерегі 18 тамыздан бастап тіркелді. 18-19 тамыз аралығында қырылған барлық малдың өлексесі толық өртенді, - деді Кеңес Қанатбаев.

Облыстық ветеринария басқармасы шаруашылықтағы эпизоотиялық жағдайды бақылап отырғандарын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес Қазақстанда 7 миллионға жуық ірі қара мал бар. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы 10 жыл ішінде шетелден 1 миллион асыл тұқымды ірі қара мал импорттамақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG