Accessibility links

Құрбан айт мейрамы басталды


Тілек тілеп отырған адам. Көрнекі сурет
Тілек тілеп отырған адам. Көрнекі сурет

Қазақстанда бүгін таңертең қалалар мен ауылдық жерлердегі мешіттерде айт намазы оқылды.

Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Президенттің құттықтау хабарламасы бүгін Ақорда сайтында жарияланды.

Жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталатын Құрбан айтта құрбан шалу – мұсылманға парыз саналады.

Айт мейрамы кезінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақын-туыстарының үйін аралайды. Осы күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

Әлемде мұсылмандар Құрбан айт мейрамын үш күн бойы тойлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG