Accessibility links

Сахалинде қырғыз мигранттарын бетон басып қалған


Сахалин облысының Поронайск қаласында орналасқан ескі зауыт. Оқиға осы жерде болған
Сахалин облысының Поронайск қаласында орналасқан ескі зауыт. Оқиға осы жерде болған

Ресейдің Сахалин аралындағы бұрынғы қағаз комбинатының шатыры мен қабырғасы құлап, үш азамат қаза тапқан. Оның екеуі - қырғыз, біреуі - тәжік азаматы. Бес азамат ауруханаға түскен.

Оқиға 19 тамызда болған. Құтқарушылар дәл сол күні тәжік азаматының денесі тапқан. Ал қалған қырғыз азаматтарының денесін тек келесі күні ғана таба алған. Бетон басып қалған қырғыз азаматтарының денесін сыртқа алып шығару үшін құтқарушылар кран қолданған. Қазіргі кезде өлген азаматтардың аты-жөндері анықталып жатыр. Алдын-ала дерек бойынша, олар 1995-96 жылғы азаматтар.

19 тамызда Сахалин облысының Поронайк қаласындағы бұрынғы целлюлоза-қағаз зауытының шатыры мен қабырғасы құлаған. Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, дәл сол кезде нысанда он мигрант жұмыс істеп жатқан. Олардың екеуі қауіпсіз орында болғандықтан зардап шекпеген. Жарақат алған бес адамның жағдайы қанағаттанарлық.

"Ресейде жұмыс істеп жатқан қырғыз мигранттарының осылайша қаза табуы сирек жағдай емес" деп жазады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Құқық қорғаушылардың айтуынша, еңбек мигранттарының көбі ешқандай келісім-шартсыз жұмыс істегендіктен мұндай жағдайлар полицияда тіркеусіз қалып, жұмыс берушілердің жауапкершіліктен қашуына мүмкіндік береді.

Ресми дерек бойынша, Ресейде жұмыс істеп жүрген 620 мың қырғыз азаматы бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG