Accessibility links

Кабулда бірнеше жарылыс болған


Кабулдағы жарылыс болды деген маң. Ауғанстан, 21 тамыз 2018 жыл
Кабулдағы жарылыс болды деген маң. Ауғанстан, 21 тамыз 2018 жыл

Ауғанстан астанасы Кабулда мемлекеттік ғимараттар мен дипломатиялық елшіліктер орналасқан маңда бірнеше рет жарылыс болған. Бірақ әзірге, қанша адамның зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ.

Есімін атамаған қауіпсіздік органының өкілі Рейтер агенттігіне қала сыртында бірнеше зымыранның жарылғанын және бірнеше зымыранның қаладағы мемлекеттік органдар мен елшіліктер орналасқан маңда жарылғанын айтқан.

Зымырандардың жарылуы Ауғанстан президенті Ашраф Гани Құрбан айт мерекесіне орай өтетін шарада сөйлеп жатқан сәтпен тұспа-тұс келген.

Екі күн бұрын президент Гани “Талибан” қозғалысымен атысты уақытша тоқтату туралы мәлімдеген. Атысты тоқтату шарасы 20 тамызда басталуы тиіс болған және үш айға созылады деп хабарланған.

Алайда ауған әскерилерінің айтуынша, радикалистік "Талибан" қозғалысының өкілдері бұл ұсыныстан бас тартып, үкіметке қарсы шабуылдарын жалғастыра беретінін айтқан.

Тамыздың 20-сы күні экстремистік топ елдің солтүстігінде жолаушылар автобусын басып алып, 200 адамды кепілге алған.

Жарылыс президент Ашраф Ганидың "Егер олар зымыран шабуылы арқылы ауғандықтарды тежейміз деп ойласа, олар қателеседі" деген сөзіне келгенде болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG