Accessibility links

Текебаевтың емделу мерзімін дәрігерлер шешеді


Kyrgyzstan - the trial of Ata Meken leader Omurbek Tekebaev and ex-Ambassador Duishonkul Chotonov. Kyrgyzstan, Bishkek, 15 August, 2017
Kyrgyzstan - the trial of Ata Meken leader Omurbek Tekebaev and ex-Ambassador Duishonkul Chotonov. Kyrgyzstan, Bishkek, 15 August, 2017

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, сотталған Омурбек Текебаевтың ары қарай емделу мәселесін дәрігерлер шешеді. Бұл туралы оның адвокаты Таалайкүл Токтакунова хабарлады. Токтакунованың айтуынша, 23 тамызда Ұлттық кардиология орталығында консилиум өтеді және Текебаевтың ары қарай емделу жайы анықталады.

Омурбек Текебаев 21 шілде күні Кардиология және терапия ұлттық орталығына жатқызылған. "Омурбек Текебаев ауруханаға денсаулығы нашарлағандықтан емес, тексеруге жатқызылды. Оны ауруханада күзетіп тұр. Оның мұнда қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз" деген Жазаны атқару мемлекеттік қызметінің (ЖАМҚ) баспасөз қызметі.

Парламенттегі оппозициялық "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі болған Омурбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы ақпанда 2010 жылы Ресей азаматы Леонид Маевскийден "Мегаком" компаниясының активтерін сатып алуға септескені үшін миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталған.

Былтыр 21 қарашада Қырғызстан Жоғарғы соты аудандық және қалалық соттың қос саясаткерді сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін күшінде қалдырған.

Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты "саяси астары бар" деп мойындамайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG