Accessibility links

Балуан Кебіспаев-Азия ойындарының күміс жүлдегері


Алмат Кебіспаев Иран балуанымен күресіп жатқан сәт. Джакарта, 21 тамыз 2018 жыл.
Алмат Кебіспаев Иран балуанымен күресіп жатқан сәт. Джакарта, 21 тамыз 2018 жыл.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіде күміс жүлде иеленді

Ол финалда Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Оңтүстік Корея балуаны Рю Хан Сумен кездесіп, 4:5 есебімен жеңілді.

Кебіспаев жартылай финалда Иран балуаны Мохаммед Реза Жераиден басым түсті. Ал Мохаммед Реза ширек финалда Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратовты жеңді.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG