Accessibility links

Facebook Ресей және Иранмен байланысты аккаунттарды жойды


Марк Цукерберг, Facebook компаниясының басшысы.
Марк Цукерберг, Facebook компаниясының басшысы.

Facebook әлеуметтік желісі Ресей және Иранмен байланысы бар 652 парақша мен топты АҚШ Конгрессі сайлауы қарсаңында "саяси дезинформация таратты" деп айыптап, жойды. 21 тамыз күні кешке әлеуметтік желі жариялаған мәлімдемеде аккаунттар мен топтар Facebook пен Instagram-да "үйлестірілген сенімсіз ақпарат", оның ішінде саяси материалдар таратқаны" үшін жойылғаны айтылады.

Twitter әлеуметтік желісі де 21 тамызда "Сауд Арабиясы мен Израильге қарсы" және Палестина тақырыбында ираншыл үгіт-насихат таратқан 300-ге тарта аккаунт пен парақшаны жапқанын жариялады. Twitter әлеуметтік желіде "үйлестірілген айла-шарғы" былтыр басталғанын айтады.

Facebook былтыр Ресей арнайы қызметі әлеуметтік желіде АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықпал ету мақсатында операциялар жүргізгенін мойындағаннан кейін қолданушылар желісін қадағалап отыру тәсілдерін бұрынғыдан күшейткен.

Әлеуметтік желі АҚШ пен Ұлыбритания үкіметін қолданып жатқан шаралары туралы хабардар еткенін мәлімдеген. "Біз мұндай әрекетке қарсымыз, себебі шынайылықтың біз үшін мәні зор. Қолданушылар Facebook-те көріп білген нәрсесіне сене алуы тиіс" деді Facebook компаниясының жетекшісі Марк Цукерберг.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG