Accessibility links

Исекешев: Астанада суды сыртқа шығару жүйесі 2019 жылы толық жаңарады


Әсет Исекешев, Астана әкімі.
Әсет Исекешев, Астана әкімі.

Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы жаңбыр мен қар суы басу мәселесі 2019 жылы шешілетінін мәлімдеді. Астанада өткен үкімет жиынында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бірнеше күнгі жаңбырдан қаланы су басып, көлік қозғалысы қиындағанын айтты.

"Бұған қатысты мемлекет басшысы бірнеше ескертпе жасады, нөсер жауынға арналған кәріздерді жаңалау бойынша бірқатар тапсырма берілді. Қаланың жай-күйіне әкімдік жауап береді" деді Сағынтаев.

Исекешев қаланың кәріз және су тарту жүйесі туралы 2016 жыл үш жылдық бағдарлама дайындалғанын, қазір бөлінген қаржыға 2019 жылы нөсер жауын суы ағатын кәріз жүйесін толық ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты.

Әсет Исекешевтің сөзінше, қалада 2017 жылы Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінде, 31-көшеде, Көктал кенті мен "Мың Жылдық аллеясында тазалау нысандарын салу аяқталғанын, бірнеше көшеде жиналған суды шығару, айдау нысандары салынғанын айтты.

Астанада тамыздың 20-21 күндері жауған нөсерден қаланың кейбір аумағын су басып қалған еді. Ресми мәлімет бойынша, су негізінен қаланың бірнеше көшесі мен ықшамаудандарынан жаңбыр суы жиналатын көшелер мен аумақты басқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG