Accessibility links

Алматы облысында автобус аударылып, бірнеше адам зардап шекті


Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Алматы облысында жолаушылар автобусы аударылып, кем дегенде 13 адам, оның ішінде екі бала мен аяғы ауыр әйел зардап шекті деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттігі. Tengrinews сайтының хабарлауынша, жол апаты 22 тамыз күні таңертең Іле ауданында Алматыдан саяжайдағы қонысқа апаратын және бөгеттен өтетін жолда болған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің мәлімдеуінше, автобус апатынан ешкім "айтарлықтай жарақат алмаған". Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы облыстық Ішкі істер департаментінен жауап алу мүмкін болмады. 22 тамыз күні оқиғаға куә болғандардың әлеуметтік желіде жариялаған видеосында көл маңында жанына аударылып жатқан автобус пен оның қасына жиналған ондаған адам байқалады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG