Accessibility links

Аргентинада Ресей елшілігінен табылған кокаинді өртеді


Ресейдің Аргентинадағы елшілігінде табылған кокаин салынған шабадандар. Буэнос-Айрес, 22 ақпан 2018 жыл.
Ресейдің Аргентинадағы елшілігінде табылған кокаин салынған шабадандар. Буэнос-Айрес, 22 ақпан 2018 жыл.

Аргентинада Ресейдің Буэнос-Айрестегі елшілігі ғимараттарының бірінен табылған ірі көлемдегі кокаин жойылды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, есірткі крематорийде өртелген.

Есірткіні жою процедурасын Аргентина қауіпсіздік министрі Патрисия Буллрич пен Ресей елшісі Дмитрий Феоктистов бақылады. Буллрич "кокаин ісін" "жоғары деңгейдегі өзара іс-қимыл арқылы жасалған күрделі операция" деп атады.

Ақпанның соңында Аргентина билігі Ресейдің Аргентинадағы елшілігі жанынан жұмыс істейтін мектепте 400 килограмдай кокаины бар 12 шабадан табылғанын хабарлаған.

Есірткі дипломатиялық жүк ретінде тіркелген. Есірткі тасымалына қатысы бар адамдарды анықтау үшін кокаинді ұнмен алмастырып, Мәскеуге жөнелткен.

БАҚ жүкті жеткізуге Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев ұшатын "Ресей" отрядының арнайы ұшағы пайдаланылғанын хабарлаған. Ведомство бұл ақпаратты "фейк" деп атаған. Алайда, Аргентина полициясы ұшақ суреттерінің шынайы екенін растаған.

"Кокаин ісі " деп аталатын іс бойынша алты адам контрабандистердің Ресейдегі ықтимал үш серігі, "Латын америкасындағы орыс православ меценаттары" қорының Аргентинадағы жетекшілері Иван Близнюк пен Александр Чикало ұсталған. Кокаинді жеткізуді ұйымдастырды деген күдікті Андрей Ковальчук Германияда ұсталып, шілденің соңында Ресейге тапсырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG