Accessibility links

Ұлыбританияда ит пен мысықты хайуанаттар дүкенінде сатуға тыйым салмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбритания үкіметі жасы алты айға толмаған ит пен мысықты хайуанаттар дүкенінде сатуға тыйым салмақ. Бұл жайында Ұлыбританияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мәлімдеді. Британ билігі осы арқылы хайуанаттарға қатыгездік танытумен күрескісі келеді. Иелері асырауындағы ит пен мысықты зәбір көрсететін жайттар жиі кездеседі.

Жаңа ереже 1 қазанда күшіне енген соң, үй хайуанаттарын асырағысы келетіндер тәлімбаққа немесе лицензиясы бар ұйымға қайырылуы тиіс болады. Бұған дейін үй хайуанаттарын қорғау туралы заң қабылдауды талап еткен петицияға 150 мыңға тарта адам қол қойған. Белсенділер британ депутаттарының бастамасы Еуропадағы үй хайуанаттарының құқығын қорғауда үлкен өзгеріске түрткі болады деп үміттенеді.

BBC телеарнасының мәліметінше, Ұлыбританияда жыл сайын 40 мыңнан 80 мыңға дейін үй хайуанаты сатылады. Алайда, елде үй хайуанатын сатуға рұқсат алған хайуанаттар дүкендерінің саны жүзден аспайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG