Accessibility links

Чехия парламенті: 1968 жылы СССР әскерінің басып кіруі - оккупация


Прага көшелерінде жүрген совет танкісі мен демонстранттар. Тамыз 1968 жыл.
Прага көшелерінде жүрген совет танкісі мен демонстранттар. Тамыз 1968 жыл.

Чехия парламенті Чехословакияға 1968 жылы СССР мен Варшава келісімі елдері әскерінің кіргізілуін оккупация деп танитын қарар қабылдады. Парламент қарарды "тарихтың бұрмалануына жол бермеу үшін" қабылдап отыр. Құжатты парламенттегі христиан демократтарының фракциясы ұсынды. Олар қарар "қоғамға және басқа елдерге, оның ішінде Ресейге айқын ескерту беретінін" айтады.

1968 жылы 21 тамызға қараған түні совет әскері Чехословакия аумағына басып кірген. Мәскеу бұл елге чехословак компартиясының либералдық реформаларын басып-жаншу үшін әскер кіргізген. Операцияға Польша, Болгария, Венгрия және Герман Демократиялық Республикасының (Шығыс Германия) әскерилері қатысқан. Жергілікті тұрғындар совет әскерімен қақтығысып, оқиғадан 137 адам қаза тапқан.

Оқи отырыңыз: "Прага көктеміне" 50 жыл: Чехия билігі үнсіз

Совет армиясы Чехословакияда 1991 жылға дейін болды. Чехия 1968 жылдан 1991 жылға дейінгі уақытты оккупация кезеңі деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG