Accessibility links

Париж түбіндегі шабуылдан екі адам қаза тапты


Трап қаласында болған шабуылдан кейін көшеде қарауылдап жүрген полиция қызметкері. Франция, 23 тамыз 2018 жыл.
Трап қаласында болған шабуылдан кейін көшеде қарауылдап жүрген полиция қызметкері. Франция, 23 тамыз 2018 жыл.

Франция полициясы 23 тамыз күні Парижден батысқа қарай орналасқан Трап қаласында пышақ ұстаған адам көшеде екі адамды өлтіріп, бір адамды ауыр жаралағанын хабарлады. Шабуылды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды.

Қала билігі шабуыл жасаған адамның көзі жойылғанын мәлімдеді. Күдіктінің шабуыл жасауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.

Франциядағы шабуылдан бірнеше сағат бұрын ИМ-нің ақпараттық ресурсы - al-Furqan Foundation порталы ИМ басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің даусы делінген аудио жазба жариялаған. 22 тамыз күні кешке жарияланған 54 минуттық жазбада сөйлейтін ер адам жақтастарын әлемде террорлық шабуылдар жасауды жалғастыра беруге шақырады.

ИМ жетекшісі соңғы рет 2017 жылы қыркүйекте үндеу жариялап, жақтастарын "әлемде қолға түскен кез-келген қарумен жауларды өлтіруге" шақырған еді.

Әбу Бакр әл-Бағдадидің өлі я тірі екені, қайда жүргеніне қатысты мәліметтер әрқилы. Бұған дейін Ресей әскерилері оның "көзі жойылғанын" мәлімдеген еді. Дегенмен, америкалық әскерилер әл-Бағдади тірі және ол Сирия мен Ирак шекарасындағы шөлді аймақта жасырынып жүр деп жорамалдайды.

ИМ 2014 жылы жазда Ирак пен Сирияның көп бөлігін басып алып, "ислам халифатын" жариялаған. Бірақ кейін ИМ басып алған территориясының 90 пайызынан айырылып қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG