Accessibility links

Парламент палаталарының біріккен отырысы белгіленді


Қазақстан парламентінің ғимараты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын 1 қыркүйекке белгіледі. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бірлескен отырысқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Осы айдың басында Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің алдағы төртінші сессиясында экономика саласына қатысты біраз заң жобасын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарау жоспарланып отырғанын мәлімдеген.

Биыл күзде сонымен қатар "тұрғындардың өздерін бейресми түрде жұмыспен қамтуын заңдастыру" мәселесіне, діни бірлестіктер туралы және сайлау туралы заңдарға өзгертулер енгізу жобалары қаралуы керек.

Бірер күн бұрын интернетте әскери жағдай орнаған кезде "үгіт-насихат пен басқа да іс-қимыл жасайтын", "елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін" коммерциялық емес, халықаралық және шетелдік ұйымдардың қызметін тоқтатуды ұсынатын заң өзгерісінің концепциясы жарияланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG