Accessibility links

Азиада-2018. Қазақстан жүзу эстафетасында қола алды


Дмитрий Баландин
Дмитрий Баландин

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қола иеленді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде де үшінші нәтиже көрсеткен.

Жүзуден ерлер арасындағы 4x100 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы (Әділ Қасқабай, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Александр Варакин) Қытай мен Жапониядан қалып, қола жүлде алды.

Сондай-ақ джи-джитсуден Нұржан Сейдуәлі мен Нартай Қажеков та Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Теннистен микст жарысында (ер және әйел теннисші) Александр Недовесов пен Анна Данилина жартылай финалда таиландық қарсыластарынан жеңіліп, қола алды.

Оның алдында теннистен қазақстандық Александр Бублик пен Денис Евсеев жұптық сынның финалында Үндістан теннисшілерінен жеңіліп, екінші орын иеленген.

24 тамызда Қазақстан барлығы бір алтын, бір күміс, алты қола алды. Велоспорттан Алексей Луценко жекелей жарыста чемпион атанған. Қазір бұл ел барлығы 3 алтын, 7 күміс, 24 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG