Accessibility links

Халық банкі Өзбекстаннан бөлімше ашуды жоспарлайды


Қазақстандық Халық банкінің әйнектен жасалған логосы. Көрнекі сурет
Қазақстандық Халық банкінің әйнектен жасалған логосы. Көрнекі сурет

Қазақстандық Халық банкі 2018 жылдың соңына дейін Өзбекстаннан бөлімше ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

"Қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстанның реттеушілеріне рұқсат құжаттарын тапсырып жатырмыз" деді Халық банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова.

Жаңа құрылымның директорлар кеңесі де құрылып қойған.

Шілде айының басында Қазақстанның Ұлттық банкі қазақстандық банктердің Өзбекстаннан бөлімше аша алатынын, екі ел арасында арнайы келісімге қол қойылғанын мәлімдеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG