Accessibility links

Түркістан облысында шенеунік "пара алды" деп ұсталған


Түркістан облысы әкімдігінің ғимараты
Түркістан облысы әкімдігінің ғимараты

"Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы кәсіпкерден 12 миллион теңге "пара алды" деген күдікке ілінді" деп хабарлады Азаттыққа Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Оның айтуынша, күдікті "қылмыс үстінде ұсталған".

"Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылыс жұмыстарына жалпы сомасы 400,5 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасағаны үшін делдалдар арқылы бөлік-бөлігімен ақша қаражаттарын алып отырған" делінген агенттік жіберген хабарламада.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынған. Делдалдыққа қатысты да сот алды тергеу жұмыстары басталған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG