Accessibility links

Воронежде Навальныйдың жақтасы таяқ жеді


Воронежде Алексей Навальныйдың жақтастары наразылық акциясын ұйымдастырып тұр. 26 наурыз 2017 жыл.
Воронежде Алексей Навальныйдың жақтастары наразылық акциясын ұйымдастырып тұр. 26 наурыз 2017 жыл.

Сенбі күні Ресейдің Воронеж қаласында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың штабында жұмыс істейтін еріктіге белгісіз біреу шабуыл жасады. Бұл оқиға Навальныйдың жақтастары интернеттегі пост пен "лайк" үшін қылмыстық қудалауға қарсы митинг өткізіп тұрған кезде болған.

Навальныйдың Воронеждегі штабының хабарлауынша, шабуыл кезінде ерікті Александр Бершовтың мұрны бұзылған. Ерікті полицияға арыз түсірді деп хабарланды. Шабуыл жасаушының кім екені белгісіз. Белсенділер оны "арандатушы" деп сипаттайды.

9 қыркүйекте үкіметтің зейнет жасын ұлғайту жоспарына қарсы шеру ұйымдастырғалы жүрген Алексей Навальныйдың өзін 25 тамызда Мәскеу полициясы белгісіз себеппен үйінен ұстап әкеткен. Саясаткер дүйсенбіге дейін полиция бөлімшесінде қалады деген мәлімет тарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG