Қазақстандық Дидар Әмірәлі Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден ерлер арасында 67 келі салмақта күміс алды. Ол финалда Әли Абдулазизден (Кувейт) жеңілді.
Дидар Әмірәлі финалға дейін БАӘ, Таиланд, Шри-Ланка, Индонезия спортшыларынан басым түскен.
Қазақстандық каратэші 2017 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында қола алған. Әлемдік рейтингіде 22-орында тұр.
26 тамызда джиу-джитсудан қазақстандық Руслан Исраилов Азия ойындарының чемпионы атанған.
Қазір Қазақстан 5 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев Азия ойындарында жеңімпаз болған.
ПІКІРЛЕР