Accessibility links

Молдовада наразылар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті


Молдовадағы үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шеру. Кишинев, 26 тамыз 2018 жыл.
Молдовадағы үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шеру. Кишинев, 26 тамыз 2018 жыл.

Кишиневте Молдованың оппозициялық саяси күштері ұйымдастырған үкіметке қарсы шерулер өтті. "Іс-қимыл және ынтымақтастық" партиясының төрағасы Майя Санду мен "Ар-намыс және ақиқат" партиясының басшысы Андрей Нэстасе Кишинев мэрі сайлауының нәтижелерін жарамды деп тануды талап етті.

Молдова либералды демократиялық партиясының төрағасы Виорел Чиботару үкімет "елді басқара алмайтынындықтан" оны отставкаға кетірмей қоймайтынын мәлімдеді.

Мыңдаған манифестант Штефан Великий атындағы орталық даңғылмен жүріп отырып, президент әкімшілігі, парламент ғимараты, Конституциялық сот, Ақпарат және қауіпсіздік қызметі және Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық орталығына барды. Демонстранттар "Ұрылар!", "Біз - халықпыз!" және "Біз шегінбейміз!" деп ұрандатты.

25 тамызда Молдова Ішкі істер министрлігі қарсылық акциялары кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалу бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген.

Қарсылық акцияларын ұйымдастырушылар оған 30 мыңға тарта адам қатысады деп жоспарлаған. Дегенмен, акцияға қатысқандар саны бұдан аз болды. 27 тамыз - Молдова тәуелсіздігі күні оппозициялық көңіл-күйдегі белсенділер үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, қарсылық акцияларын одан ары жалғастыруға дайындалып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG