Accessibility links

Маккейнді жерлеу рәсіміне Трамп шақырылмады


Джон Маккейннің кеңсесі алдында сенатордың қазасына байланысты қойылған марқұмның портреті мен гүл шоқтары. Аризона штаты, 26 тамыз 2018 жыл.
Джон Маккейннің кеңсесі алдында сенатордың қазасына байланысты қойылған марқұмның портреті мен гүл шоқтары. Аризона штаты, 26 тамыз 2018 жыл.

25 тамыз күні көз жұмған америкалық сенатор Джон Маккейнді Мэриленд штаты, Аннаполис қаласындағы әскери теңіз күштері академиясының зиратына жерлейді. Сенатормен қоштасу рәсімі Аризона штатындағы парламент ассамблеясында өтеді. Маккейн осы штат атынан Конгрессте 35 жыл қатарынан сенатор болған.

Жерлеу рәсіміне дейін Маккейннің денесі Вашингтондағы Капитолийдің АҚШ парламентінің "жүрегі" саналатын Ротонда күмбезінде сақталады. Америка тарихында мұндай құрмет тек 30 адамға бұйырған. Маккейн мұндай құрметке ие болған 13-сенатор болмақ. Ақ үй сенатордың өліміне көңіл білдіріп, туын төмен түсірді.

Марқұмның сұрауы бойынша, жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы президенттері кіші Джордж Буш пен Барак Обама шақырылды. Олар президент сайлауында сенаторға бәсекелес болған.

Маккейн өзін жерлеу рәсіміне қазіргі президент Дональд Трампты шақыруға тыйым салған. Бір партияның мүшесі болса да, Маккейн президент Трампты "қызба адам" деп атап, оның Ресей, Сирия және Қытайға қатысты саясатына қарсы шыққан. Трамп Маккейнді "біліксіз" деп атап, президент сайлауы кезінде оны көпшілік алдында "тұтқынға түсіп қалғаны үшін ғана танымал болды" деп кекеткен.

Оқи отырыңыз: Саяси қайраткерге айналған соғыс ардагері

Маккейннің қазасынан соң Дональд Трамп Twitter-де марқұмның отбасына көңіл айтты.

Аризона штатынан алты рет АҚШ сенатына сайланған белгілі америкалық республикашыл саясаткер, Вьетнам соғысының ардагері әрі тұтқыны болған Джон Маккейн 81 жасында мидың қатерлі ісігінен оңалмаған қалпы қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG