Accessibility links

Флоридада атыстан үш адам оққа ұшты


Джексонвилль қаласының орталығында тұрған полиция көліктері. Флорида, 26 тамыз 2018 жыл.
Джексонвилль қаласының орталығында тұрған полиция көліктері. Флорида, 26 тамыз 2018 жыл.

Флорида штатының Джексонвилль қаласында ойын-сауық орталығында 26 тамыз күні болған атыстан үш адам оққа ұшып, оннан астам адам жараланды. Полицияның хабарлауынша, қарулы адам орталықта киберспорттан жарыс өтіп жатқан кезде оқ атты.

Джексонвилль қаласы полициясының басшысы Майк Уильямс 26 тамыз күні күдіктінің Балтимор қаласының (Мэриленд штаты) 24 жастағы тұрғыны Дэвид Кац екенін айтады.

"Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды, олардың бірі - күдікті, ол өзіне қол салған. Тоғыз адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Жараланған тағы екі адам ауруханаға өздері барған" деді Уильямс.

Полиция күдіктінің не себепті шабуыл жасағаны әзірге белгісіз екенін айтады.

The Los Angeles Times басылымының жарысқа қатысушылардың біріне сілтеме жасап хабарлауынша, оқ атқан адам да жарысқа қатысып отырып, жеңіліп жатқанда ызаланып от атқан. Бірақ әзірге бұл ақпарат ресми түрде растала қойған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG