Accessibility links

Каратэші Гафурова - Азия ойындарының чемпионы


Гузалия Гафурова.
Гузалия Гафурова.

Қазақстандық Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта алтын жүлдеге ие болды. Ол финалда Танг Линглингті (Қытай) жеңді.

Гафурова финалға дейін Өзбекстан, Иран, Вьетнам спортшыларынан басым түсті.

Қазақстандық каратэші 2014 жылғы Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхонда Гафурова дәл осы Қытай спортшысын жеңген еді.

Қазір Қазақстан 6 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилова Азия ойындарында жеңімпаз болған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG