Accessibility links

Павлодар облысында жол апатынан шенеунік отбасымен мерт болды


Павлодар облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Павлодар облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков пен оның отбасы жол-көлік апатынан құрбан болды деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Полицияның хабарлауынша, Райымбеков әйелі және баласымен келе жатқан көлік 27 тамызға қараған түні Павлодар-Семей жолында жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 жастағы жүргізуші мен көлік жолаушылары - жүргізушінің 1982 жылы туған жұбайы, 2015 жылы туған бала және 1965 жылы туған әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел түрлі дене жарақатын алып, Ақкөл ауданының орталық ауруханасына түсті" делінген полиция хабарламасында. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Шенеунік пен оның отбасы мүшелерінің қаза тапқанын Павлодар облыстық әкімдігі растады. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Ардақ Райымбеков қайғылы қазаға ұшырар кезінде еңбек демалысында болғанын хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің "көлiк құралдарын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG