Accessibility links

Киев: Донбасста қақтығыстан екі украин сарбазы оққа ұшты


Украина шығысындағы украин үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің майдан шебі.
Украина шығысындағы украин үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің майдан шебі.

Украина Қорғаныс министрлігі 27 тамызда елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыста екі украин сарбазы қаза тауып, алтауы жараланғанын хабарлады. Министрлік жанжалдан сепаратистер жағынан үш адам оққа ұшып, жетеуі жараланғанын айтады.

Сепаратистер бір тәулік ішінде атысты тоқтату режимін 23 мәрте бұзып, украин әскерилерінің шептерін артиллерия, гранатомет және минометтен атқылаған.

Ал сепаратистер Украина әскерилері бітімді бір мәрте бұзғанын және миномет пен пулеметтен оқ атқанын мәлімдеді.

Киев 23 тамыз күні Донбасста сепаратистермен қақтығыстан бес украин сарбазы оққа ұшқанын хабарлаған.

Украина шығысында үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мың 300-ден астам адам қаза тапты. 2014 жылы қыркүйекте және 2015 жылы ақпанда Минскіде қақтығысты тоқтату туралы жасалған келісімдер сол күйі орындалмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG