Accessibility links

Мәскеуде Ауғанстан бойынша өтетін келіссөз кейінге шегерілді


Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).
Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).

Ресей Ауғанстан мәселесі бойынша "Талибан" өкілдері қатысатын бейбіт келіссөзді кейінге шегерді. 4 қыркүйекте Мәскеуде Ауғанстан, АҚШ және "Талибан" өкілдерінің қатысуымен келіссөз өтуі тиіс болған.

Ресей әзірге келіссөзді не себептен кейінге шегергені жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің өкілі Reuters агенттігіне президент Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенін жеткізген. Мәскеу Ауғанстан өкілдері қатысуы үшін, келіссөздің уақыты өзгереді деген.

Өткен аптада Ауғанстан мен АҚШ ауған проблемасына байланысты 4 қыркүйекке жоспарланған келіссөзге қатыса алмайтынын жеткізген.

Associated Press агенттігі 21 тамызда Сергей Лавровтың сөзіне сілтеме жасап, "Талибан" өкілдері келіссөзге келеді деп хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG