Accessibility links

Беларусь билігі үш басылым тілшілерінің елден шығуына тыйым салды


TUT.BY порталының кеңсесі, Минск.
TUT.BY порталының кеңсесі, Минск.

Беларусь Тергеу комитеті Deutsche Welle радиосының Минскідегі тілшісі Павлюк Быковскийдің елден шығуына уақытша тыйым салды. Тергеушілер журналист "БелТА агенттігінің ақылы ақпараттық қызметіне рұқсатсыз кірген" деген күдікпен осындай шешім шығарған.

Оcыған ұқсас күдікке ілінген тағы бірнеше журналист - TUT.BY порталының қызметкерлері Анна Калыгина мен Галина Уласик және БелаПАН агенттігінің бас редакторы Ирина Левшина мен әріптесі Татьяна Коровенкованың да шетелге шығуына уақытша тыйым салынды.

Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, тыйымның қанша уақытқа салынғаны белгісіз. Левшина өзінің пәтері мен БелаПАН кеңсесін тінткенде тәркіленген компьютерлерге сараптама жасауға келіскен.

7 тамызда БелаПАН мен TUT.BY кеңселері тінтілген, 18 журналист ұсталып, олардан жауап алынған. Оларға "компьютердегі ақпаратқа заңсыз кіргені үшін" екі жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы кесілуі мүмкін. Быковскийдің жұбайы - "Еркіндік үшін" қозғалысының мүшесі Ольга Быковская журналистерді тергеуді Беларусьтегі тәуелсіз БАҚ-қа соқтығу деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG