Accessibility links

Индонезиядағы ең бай адам Азиада қоласына ие болды


Майкл Вамбанг Хартоно.
Майкл Вамбанг Хартоно.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 78 жастағы индонезиялық бизнесмен Майкл Вамбанг Хартоно бридж ойынынан (карта ойыны) командалық жарыста қола медальға ие болды.

Бридж ойыны биылдан бастап Азия ойындарының бағдарламасына енген. Оңтүстік-Шығыс Азия бридж федерациясының президенті саналатын Хартоно - бридж ойынының Азия ойындарының бағдарламасына ұсынғандардың бірі. Халықаралық олимпиада комитеті бірнеше жыл бұрын Әлемдік бридж федерациясын спорт ұйымы деп таныған.

Бридж ойнап отырған ойыншылар. Джаракта, 25 тамыз 2018 жыл.
Бридж ойнап отырған ойыншылар. Джаракта, 25 тамыз 2018 жыл.

Майкл Вамбанг Хартоно ағасы Роберт Вуди Хартономен бірге Индонезиядағы ең ірі темекі шығаратын компанияның және BCA банкінің иесі. Forbes журналының дерегі бойынша, ағайынды Хартонолардың байлығы - 32,3 миллиард доллар. Олар әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 75-орында (Индонезия бойынша бірінші орында) тұр.

Индонезия бұл Азия ойындарында 23 алтын, 17 күміс, 28 қола медальмен жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында келеді. Азиада 2 қыркүйекте аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG