Accessibility links

Қапшағайда кәрізге түскен үш адам уланып қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысының Қапшағай қаласында кәріз станциясының аумағында үш жұмысшы қаза тапты. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 тамыз күні түске дейін болған. "Қапшағай су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының үш слесарі №10 кәріз жүйесін сору станциясының аумағында кәріз құдығында жоспарлы тазалау жұмыстарын атқарып жатқанда, болжам бойынша, метан газынан уланып қайтыс болған.

1964, 1965 және 1967 жылы туған үш жұмысшыны кәрізден төтенше жағдай қызметкерлері алып шыққан.

Қазір мамандар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен дәрігерлер қайғылы оқиға себептерін анықтап жатыр.

Алматы облысында соңғы екі айда осымен тоғыз адам кәріз жүйесін тазалау және құдықтан су шығару кезінде қаза тауып отыр. Шілденің 3-і күні Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Шелек ауылында аудандық аурухананың кәріз жүйесін тазалау кезінде үш адам қаза тапқан. Ал тамыздың 12-сі күні Кеген ауданының Алғабас ауылында 1993 және 1994 жылы туған үш жігіт тереңдігі 10 метрлік құдықтан насоспен су шығару кезінде газдан уланып қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG