Accessibility links

Атамбаев басқаратын партия билікті сынап мәлімдеме жасады


Қырғызстанның қазіргі және бұрынғы президенттері Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Алмазбек Атамбаев инаугурация күнінде. 24 қараша, 2017 жыл.
Қырғызстанның қазіргі және бұрынғы президенттері Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Алмазбек Атамбаев инаугурация күнінде. 24 қараша, 2017 жыл.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев басқаратын Социал-демократиялық партия (СДП) 28 тамызда іс басындағы билікті сынап, мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде Алмазбек Атамбаевтың беделін түсіру мақсатында, оны "мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатыр екен" деген "қоғамда жалған ақпарат таратылып жатқаны" айтылған.

"Көп адам бізден түсіндірме беруді сұрап жатыр. Жалған қауесетті таратып жатқан БАҚ-қа қарап, олардың артында кім тұрғанын тану қиын емес. Ал құқық қорғау органдары бұл арандатуға әдейі мән бермей отыр. Соған қарағанда, биліктің кейбір өкілдерінің жеке мүддесі тұрған секілді. Билік өкілдерінің үнсіздігінен кейін, өзіміз түсіндіруге мәжбүр болдық", - делінген мәлімдемеде.

СДП өкілі Құндыз Жолдубаева Алмазбек Атамбаевтың "билікті заңсыз жолмен тартып алу ниеті жоғын" айтады. Ол қоғамда таратылып жатқан қауесеттің артында "биліктің кейбір өкілдерінің жеке мүддесі тұр" деп топшылайды.

СДП мәлімдемесінде, қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясатының "саяздығы", "саяси оппонентерін қудалап, әлсіз экономикалық саясат жүргізіп отырғаны" және "халықтың наразы көңіл-күйін өсіріп жатқаны" айтылған.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің әкімшілігі бұл мәлімдемеге жауап бермейтінін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG