Accessibility links

Құқық қорғаушылар Путиннен Қадыровты жауапқа тартуды сұрады


Ресей президенті Владимир Путин мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Amnesty International, Human Rights Watch және Front Line Defenders халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ресей президенті Владимир Путинді Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың сөздеріне байланысты шара қолдануға шақырды.

Рамзан Қадыров жақында "Мемориал" қоғамдық ұйымының жетекшісі Оюб Титиевке қатысты сот процесінен кейін, Шешенстан құқық қорғаушылар үшін "жабық территория" болатынын мәлімдеген еді.

"Соңғы ондаған жыл бойы Рамзан Қадыров еліндегі өзгеше ойлайтындарды басып-жаншып, құқық қорғаушылардың ізіне түсіп келеді. Шешенстанда адам құқықтары жиы бұзылады. Бұл елде адамдарды аңсыз соттап, азаптайды" делінген құқық қорғаушылар таратқан мәлімдемеде.

22 тамызда Қадыров Шешенстандағы құқық қорғау органдары алдында сөз сөйлеп, "елге Титиевтің сотына әлемнің әр түкпірінен "өздерін құқық қорғаушылармыз деп жариялаған" адамдар келетінін" мәлімдеген. Қадыровтың сөзінің толық мәтінін "Новая газета" басылымы жариялады.

Amnesty International, Human Rights Watch және Front Line Defenders ұйымдары жариялаған ашық хатта құқық қорғаушылар Путиннен Қадыровтың істеріне тыйым салуын сұрап, Оюб Титиевті тез арада босатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG