Accessibility links

Путин зейнетақы реформасы туралы ұстанымын 29 тамызда жариялайды


Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсылық акциясы (Көрнекі сурет).
Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсылық акциясы (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин 29 тамыз күні телеүндеуде зейнетақы реформасына қатысты ұстанымын жариялайды. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің мәлімдеуінше, Путин эфирге Мәскеу уақытымен сағат 12-де шығады.

Путин 28 тамыз күні Омбыда өткен жиында 29 тамыз күні зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қатысты ұстанымын егжей-тегжейлі баяндауы мүмкін екенін хабарлаған. Путиннің сөзінше, қабылданған шешімнің "миллиондаған адамға қатысы бар және ол әділетті болуы тиіс". Президент бұл мәселеде "жете ойластырылған шешім мен бейресми амал" қажетін және "менен кейін топан су басса да бәрібір" деген қағидамен жүруге болмайтынын айтады.

Өткен аптада Кремль Владимир Путин таяу уақытта қажет болса, зейнетақы реформасын жеңілдетуді тапсыруы мүмкін екенін хабарлаған.

Шілденің ортасында Ресей Мемлекеттік думасы зейнетке шығу жасын ерлер үшін 65, әйелдер үшін 63 жасқа дейін ұлғайту туралы үкімет ұсынған заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдаған. Зейнетақы реформасы Ресейдің ондаған қаласында халықтың наразылығын тудырған. Әлеуметтік зерттеу ұйымдары биліктің бұл бастамасынан соң Владимир Путиннің рейтингі төмендеп кеткенін анықтаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG