Accessibility links

Астана Мьянма билігін рохинджалар мәселесін шешуге шақырды

Қазақстанның БҰҰ-дағы елшісі Қайрат Омаров БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің ерікті елшісі, актриса Кейт Бланшетпен сөйлесіп тұр. Нью-Йорк, 28 тамыз 2018 жыл. Сурет Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан алынды.

Қазақстан Мьянма үкіметін елдегі мұсылман рохинджалардың басындағы проблеманың негізгі себептерін шешуге күш салуға шақырды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Мьянмадағы жағдай бойынша өткен отырысында Қазақстанның БҰҰ-дағы елшісі Қайрат Омаров мәлімдеді.

Отырыс барысында Қайрат Омаров бір жыл бұрын 700 мыңнан астам мұсылман рохинджаның Мьянмадан Бангладешке бассауғалап қашуын әлемдегі ең ірі гуманитарлық апаттардың бірі деп атады. "Босқындардың 60 пайызы - үйлерін тастап, елден қашуға мәжбүр болған балалар. Сәуір айында Бангладешке барғанымызда олардың босқындар лагерлерінде өте қиын жағдайда тұрып жатқанына көз жеткіздік" деді Қайрат Омаров.

Ол Мьянмада БҰҰ мәліметінше, рохинджа өкілдерінің еркін жүріп-тұруына шектеу қойылғанын және білім алу, денсаулық сақтау қызметі мен өмір сүрудің басқа да тетіктерінен айырылғанын айтты.

Қазақстан елшісі Мьянмада рохинджа өкілдерінің құқығын бұзуды тексеру жөніндегі тәуелсіз комиссия құрудың өтпелі кезеңде бітімге келу және әділ сот жүргізу бағытындағы маңызды қадам екенін айтты. Омаров бұл комиссия құрамына мұсылман қауымы өкілдерін қосуды қолдайтынын жеткізді.

Отырыс барысында Мьянмадағы мұсылман рохинджалар мәселесі жайлы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ерікті елшісі, актриса Кейт Бланшетт те баяндама жасады.

Былтыр Мьянмада зорлық-зомбылық өршігеннен кейін ол елден мыңдаған рохинджа мұсылмандары бассауғалап көрші Бангладешке қашып барған еді. БҰҰ есебінше, күштеп көшіру кезінде 10 мыңға таяу адам қаза тапқан.

Көре отырыңыз: Рохинджа босқындарының күнкөрісі

Рохинджа босқындарының күнкөрісі

Бангладештегі Шамлапур жағалауында балық аулап жүрген рохинджа мұсылмандары. 11 маусым 2018 жыл.
1/10 Бангладештегі Шамлапур жағалауында балық аулап жүрген рохинджа мұсылмандары. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Балық аулап күн көретін рохинджа босқындары лагерьде тұрады.
2/10 Балық аулап күн көретін рохинджа босқындары лагерьде тұрады.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Бенгал жағалауында жүрген балықшылар. 11 маусым 2018 жыл.
3/10 Бенгал жағалауында жүрген балықшылар. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Судан қайық шығарып жатқан босқындар. Балықшылар күніне 400-1200 теңге (шамамен 1.20-3.60 доллар) ақша табады. 11 маусым 2018 жыл.
4/10 Судан қайық шығарып жатқан босқындар. Балықшылар күніне 400-1200 теңге (шамамен 1.20-3.60 доллар) ақша табады. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Бангладештегі Кокс базары қалашығында тұрып жатқан босқындар балық тиелген арбаны сүйреп барады. 11 маусым 2018 жыл. 
5/10 Бангладештегі Кокс базары қалашығында тұрып жатқан босқындар балық тиелген арбаны сүйреп барады. 11 маусым 2018 жыл. 
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Базардағы балық саудасы қызған сәт. 11 маусым 2018 жыл. 
6/10 Базардағы балық саудасы қызған сәт. 11 маусым 2018 жыл. 
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
10 жасар босқын Асма Актер базарда жұмыс істеп жүр. 11 маусым 2018 жыл.
7/10 10 жасар босқын Асма Актер базарда жұмыс істеп жүр. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Бангладештің Кокс базар қалашығындағы босқындар лагерінде ойнап жүрген рохинджалық бала. 11 маусым 2018 жыл.
8/10 Бангладештің Кокс базар қалашығындағы босқындар лагерінде ойнап жүрген рохинджалық бала. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Кокс базары қалашығының жағалауында ау сүйреп бара жатқан босқындар. 11 маусым 2018 жыл.
9/10 Кокс базары қалашығының жағалауында ау сүйреп бара жатқан босқындар. 11 маусым 2018 жыл.
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Кокс қалашығындағы босқындар лагеріндегі көрініс. 11 маусым 2018 жыл. 
10/10 Кокс қалашығындағы босқындар лагеріндегі көрініс. 11 маусым 2018 жыл. 
Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджа босқын қазір балық аулап күн көріп жүр. Босқындар күніне 200-300 така (шамамен 1.20-3.60 доллар) табыс табатындарын айтады.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG