Accessibility links

Алматы облысы: Қазатком тұрғындары ауызсу жүйесін қайта тартуға наразы


Қазатком ауылының тұрғындары ауылға екінші рет ауызсу жүйесін тартуға наразылық танытып тұр. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, 29 тамыз 2018 жыл.
Қазатком ауылының тұрғындары ауылға екінші рет ауызсу жүйесін тартуға наразылық танытып тұр. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, 29 тамыз 2018 жыл.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қазатком ауылының бір топ тұрғыны 29 тамызда ауылға ауызсу жүйесін қайта жүргізуге наразылық танытты. Тұрғындар Азаттық тілшісіне мердігер компанияның су құбырларын салуына жол бермеу үшін бірнеше күннен бері ауыл сыртын торуылдап жүргенін айтады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, 1969 жылы ауыл ішінен екі жерден құдық қазылып, ауыл тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілген. Бірақ 2008 жылы Қазатком Еңбекшіқазақ ауданындағы таза сумен қамтамасыз етілмеген 18 ауылдың тізіміне еніп, 2015 жылы мемлекеттік "Ақбұлақ" ауызсу бағдарламасы бойынша жаңадан су жүйесі жүргізілетін болып бекітілген. Тұрғындар содан бері бұл шешімге наразы. Ауыл тұрғындарының бірі Қалиәкпар Досымов "Бұл ауылдың әрбір үйінде Совет заманынан бері су бар. Ешкімге су қажеті жоқ. Су тартуға бөлінген ақшаға ауылымызға мектеп пен медпункт салып берсін" дейді.

Ақши ауылдық округінің әкімі Сабыржан Айтбаевтың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша бұл ауылға ауызсу тарту үшін 345 миллион тенге, ауылдың ұлғаюына байланысты 22 гектар жер бөлінген.

- Осыған байланысты, келесі жылдан бастап жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. 22 гектар жерге мектеппен бірге 100 тұрғын үй салу жоспарымыз бар. Яғни, жаңа жоспарларды жүзеге асыру үшін алдымен орталықтандырылған ауызсу жүйесін жүргізуіміз керек. Жоспар бойынша, 2018-2019 жылдарға 345 миллион теңге бөлінді. Жұмыс басталды, - деді.

Ауызсу жүйесін жүргізетін мердігер компания қазір тұрғындар наразылығына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG