Accessibility links

Египетте қазақстандық туристер мінген автобус аударылған


Терезелері сынған автобус. Көрнекі сурет
Терезелері сынған автобус. Көрнекі сурет

Египетте қазақстандық туристер мінген автобус аударылған, екі адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

“29 тамыз күні сағат 4.30-да Хургада-Каир автотрассасында жолаушылар автобусы аударылған, салонда Каир қаласына экскурсияға шыққан 22 қазақстандық турист болған. Жол апатының салдарынан екі Қазақстан азаматы жарақат алып, жақын маңдағы “Рас-Гариб” елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілді” деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 29 тамыз күні.

Кеше кешке министрлік өкілі екі туристке толық медициналық көмек көрсетілуі үшін олардың Хусрада қаласындағы “Аль-Мысри” ауруханасына ауыстырылатынын хабарлаған.

Министрліктің айтуынша, қалған жолаушылардың денсаулығы қалыпты. Демалыстарын жалғастырып жатыр. Жағдайды Еипеттегі Қазақстан елшілігі бақылауына алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG