Accessibility links

Дзюдошы Дидар Хамза - Азия ойындарының чемпионы


Дидар Хамза (ақ киманода) Азия ойындарында жапон Такеши Сасакимен белдесіп жатыр. Джакарта, 30 тамыз.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза 81 келіде чемпион атанды. Ол финалда Иран балуаны Саид Моллаиден басым түсті. Кездесу барысында Моллаи үш ескерту алып, жеңіс Хамзаға берілді. Моллаи 81 келіде әлемдік рейтингіде бірінші, Хамза 73-орында тұр.

Қазақстан балуаны финалға дейін Масаюки Тераданы (Таиланд), Ууганбатар Отгонбаатарды (Моңғолия), Такеши Сасакиді (Жапония) жеңді.

Қазір Қазақстан 10 алтын, 11 күміс, 34 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Алғашқы ондықта Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Иран, Өзбекстан, Тайпей, Солтүстік Корея, Үндістан және Таиланд келеді.

Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG