Accessibility links

Forbes ең ықпалды ресейліктердің тізімін жасады


Ресей президенті Владимир Путин және үкімет басшысы Дмитрий Медведев
Ресей президенті Владимир Путин және үкімет басшысы Дмитрий Медведев

Forbes журналының ресейлік нұсқасы ең ықпалды Ресей азаматтарының тізімін жасаған. Тізімнің ең басында Ресей президенті Владимир Путин тұр.

Forbes-тың айтуынша, ол тізімге “автоматты түрде” ілінген. Бұған дейін, америкалық Forbes журналы жасаған әлемдегі ең ықпалды адамдардың рейтингінде Путин екінші орынды алған.

Тізімде екінші болып Сбербанк жетекшісі Герман Греф, ал үшінші орында “Газпром” компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллер тұр. Бұдан кейін тізімде “Роснефть” басшысы Игорь Сечин мен үкімет басшысы Дмитрий Медведев тұр.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Forbes рейтінгісінде 91-ші орынды алған. Соңғы жүзінші орынды ресейлік саясаткер Владимир Жириновский алған.

Тізімде мұнан бөлек, “Первый канал” бас директоры Константин Эрнст, Ресей жоғары сотының төрағасы Вячеслав Лебедев және өзге азаматтар бар.

Forbes рейтингісіне бірде-бір ғылым, мәдениет немесе оппозиция өқілдері енбеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG