Accessibility links

Ресей Жерорта теңізінде ірі әскери жаттығу өткізеді


Жерорта теңізіндегі ресейлік әскери кеме
Жерорта теңізіндегі ресейлік әскери кеме

Ресей Жерорта теңізінде ірі әскери жаттығу өткізеді деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі. Қыркүйектің 1-8 аралығында өтетін жаттығуға Ресейдің әскери-теңіз флоты және әуе-ғарыш күштерінің 25 кемесі және 30 ұшағы қатысады.

Мәскеудің бұл хабарламасы Сириядағы Идлиб провинциясына шабуыл жасауға дайындық жүріп жатқан кезде пайда болды. Идлиб – Сириядағы оппозициялық күштер шоғырланған соңғы деэскалация аймақтарының бірі. Осы аптада Сирия басшысы Башар Асадтың басты одақтасы - Ресей Жерорта теңізіндегі Сирия жағалауында әскери кемелердің шоғырын күшейтті.

БҰҰ және АҚШ мемлекеттік департаменті Идлибке шабуыл гуманитарлық апат тудыруы мүмкін, аймақтағы жүздеген адамның өмірін қауіпке тігеді деп алаңдайды. Вашингтон сонымен бірге Асад әскерінің химиялық қару қолдануы мүмкін деп те алаңдайды.

Мәскеу бейсенбі күні Идлибке "хлор толы бөшкелер" әкелінгенін айтып, Сирия әскерінің "химиялық қару қолданғаны" жайлы провокацияның нысанына айналуы мүмкін екенін хабарлады.

“Яғни, кезекті провокация тағы да дайындалып жатыр” деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова. Әйткенмен Ресей нақты кімнің қашан "хлор толы бөшке" әкелгенін айтпады. Алайда "провокацияға" "Белые каски" гуманитарлық ұйымының еріктілері қатысып жатыр-мыс деген. "Белые каски" - жарылыс кезінде Сирия тұрғындарына көмектесуді көздейтін, штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан гуманитарлық ұйым.

Халықаралық қауымдастық "Сирияда химиялық қару қолданды" деп бірнеше мәрте Ресейді айыптаған. Кремль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG