Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореяға баруға тыйым салу мерзімін ұзартты


Солтүстік Корея сотына кірер кезде саусағын сканерден өткізіп жатқан АҚШ студенті Отто Уормбир
Солтүстік Корея сотына кірер кезде саусағын сканерден өткізіп жатқан АҚШ студенті Отто Уормбир

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Америка азаматтарының Солтүстік Кореяға баруға тыйым салу мерзімін 2019 жылдың 31 тамызына дейін ұзартты.

Мемлекеттік департаменттің айтуынша, америкалықтар үшін Солтүстік Кореяға бару әлі де болса қауіпті. Гуманитарлық ұйымдардың өкілдері мен журналистер арнайы рұқсат алып, Солтүстік Кореяға бара алады.

Бір жыл бұрын америкалық студент Отто Уормбирдың өлімінен кейін Вашингтон АҚШ азаматтарының Солтүстік Кореяға баруына тыйым салған. Студент 2017 жылдың маусым айында Солтүстік Корея түрмесінен келгеннен кейін қайтыс болды.

2016 жылы қаңтар айында Уормбир Пхеньянда үгіт-насихат плакатын ұрлағаны үшін 15 жылға сотталды. Бір жыл бойы одан еш хабар болмады. Тек жазға таман Солтүстік Корея оны АҚШ-қа берді. Еліне оралғаннан кейін бір аптадан соң студент қайтыс болды. Уормбирдың ми клеткасының зақымданғаны белгілі болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп студенттің өліміне Солтүстік Кореяның билігін айыптаған. Пхеньян оның өліміне қатысы жоғын айтып, тұтқынмен “халықаралық нормаға сәйкес” қарым-қатынас жасалғанын айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG