Accessibility links

Қазақстандық боксшы Азиада финалына шықты


Асланбек Шымбергенов Зеяд Эшашпен бокстасып жатқан сәт. Джакарта, 31 тамыз 2018 жыл.
Асланбек Шымбергенов Зеяд Эшашпен бокстасып жатқан сәт. Джакарта, 31 тамыз 2018 жыл.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов 69 келіде финалға шықты. Ол жартылай финалда Зеяд Эшашты (Иордания) жеңді. Бес төреші де жеңісті Қазақстан боксшысына берді. Шымбергенов финалда өзбекстандық Бобо-Усман Баторовпен кездеседі.

Бүгін, 31 тамызда тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл жартылай финалда бокстасады. Оның қарсыласы - үндістандық Кришан Викас.

Қазақстан Азия ойындарына он боксшы (жеті ер және үш әйел боксшы) әкелген. Жеті боксшы жартылай финалға жетпей жеңілген.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Джакартадағы Азия ойындарында барлығы бес жүлде, оның ішінде екі алтын алуды жоспарлайтынын айтқан.

Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан боксшылары 6 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге ие болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG