Accessibility links

Қытайда сотталған 15 азамат Қазақстанға берілген


Үрімші қаласы. Көрнекі сурет
Үрімші қаласы. Көрнекі сурет

Соңғы екі жыл ішінде Қытайда сотталған 15 қазақстандық Қазақстанға берілген. Бұл деректі 31 тамыз күні Қазақстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның айтуынша, Үрімшіде Қазақстан және Қытай прокурорларының шекара кездесуі өткен. Бұл кездесуде өзге мәселелермен қатар екі ел арасындағы сотталушыларды тапсыру мәселесі талқыланған.

“Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстандық делегацияның өкілдері қылмыстық істер және сотталғандарды ұстап беру бойынша халықаралық-құқықтық көмек көрсету мәселелерін қарауда көмек көрсеткені үшін шетелдік әріптестерге алғыс білдірді” делінген бас прокуратура хабарламасында.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырғанына бес жылдан асып барады. Есірткі контрабандасы үшін өмірлік түрме жазасына кесілген Тұрлыбай аппеляциялық соттың шешімін күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG