Accessibility links

Қазақстан боксшысы Азиада финалында жеңілді


Асланбек Шымбергенов Азия ойындарында.
Асланбек Шымбергенов Азия ойындарында.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов 69 келі салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда өзбекстандық Бобо-усман Батуровтан жеңілді - 1:3.

Қазақстан Азия ойындарына он (жеті ер, үш әйел) боксшы әкелген. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азиада алдында Азаттық тілшісіне бес медаль, оның ішінде екі алтын алуды жоспарлайтынын айтқан. Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Вадим Присяжнюк “Азия ойындарынан бос қайтпаймыз” деген.

Қазір Қазақстан 13 алтын, 15 күміс, 42 қоламен жалпы есепте 8-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG